Басты бетӘДІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫН РЕСПУБЛИКА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ ҚҰРАЙДЫ

ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫН РЕСПУБЛИКА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ ҚҰРАЙДЫ

ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫН РЕСПУБЛИКА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ ҚҰРАЙДЫ ӘДІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ІРГЕТАСЫН РЕСПУБЛИКА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫНЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ ҚҰРАЙДЫ

Конституциямыздың 1-бабының 2-тармағында бекітілген Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттары – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беруді қоса алғанда, демократиялық әдістермен шешу болып табылады.

Бұл қағидаттар мемлекет, қоғам және әрбір жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар арқылы әділеттілікті қамтамасыз ете отырып, жиынтықта іске асырылуы қажет. Өйткені, біз тиімді мемлекет пен әділ қоғам құрып жатырмыз.

Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығы кезеңінде Қазақстан – мықты мемлекет және бәсекеге қабілетті ұлт деген негізгі мақсаттарға жүріп жатқан саяси-экономикалық реформалардың, қоғамдық сананы жаңғырту процесі мен сапалы жаңа ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету нәтижесінде ғана қол жеткізе алады.

Өз кезегінде олар ел қызметіндегі негізгі конституциялық қағидаттардың практикалық көрінісі болып табылады.

Алайда, бүгінгі шындық мынада, осы қағидаттардың әрқайсысы жеке-жеке сәтті іске асырыла бастаған кезде, кейбір теңгерімсіздік байқалады, өйткені олардың арасында дәйекті байланыс жоқ. Бұл жалпы мемлекеттік саясаттың тиімділігі арттыруға барыншы жақсы әсер етпейді.

Қаңтардағы оқиғалардың түбірін дәл осы жерден іздеу керек шығар?!

Шынында да, шынайы қазақстандық патриотизм мен азаматтарды өз мемлекетімен сәйкестендірудің пайда болатыны, ең алдымен, экономикалық дамудан нақты игіліктеріне қол жеткізу кезінде әрбір азаматтың құқықтары мен тең мүмкіндіктеріне қол жеткізуге осы мемлекеттің қамтамасыз ету жағдайына байланысты. Басқаша айтқанда, бұл игіліктерді әділ бөлу туралы.

Бірақ бүгінде мемлекет мұндай әділеттілікке толықтай қол жеткізе ала ма?!

Әрине, елдегі соңғы жылдары өткізіліп жатқан барлық саяси және экономикалық реформаларда әділдік тақырыбы айқын өтуде. Оған нақты қоғамдық сұраныс болды және бар. Ал қазіргі билік өзінің халық алдындағы жауапкершілігін анық түсінеді. Бұл ақиқат.

Сондықтан еліміздің орнықты экономикасы бар, прогрессивті құндылықтары бар мықты мемлекет ретінде дамуы үшін әділ қоғамды құруды жалғастыруы қажет, ол республика қызметінің конституциялық негіз қалаушы қағидаттардың жиынтығында іске асыру арқылы қамтамасыз етілуі қажет.

Бұл Әділ Қазақстанның іргетасын құрайды.

ҚР Президентінің Іс басқармасы жанындағы

Парламентаризм институтының директоры

М. Махамбетов