Сарапшыларды, ғалымдарды, бизнес және салалық қауымдастықтардың өкілдерін заңдарды әзірлеу мен талқылауға тарту Парламентаризм институтының негізгі міндеттерінің бірі. Парламентаризм институты сарапшылар мен депутаттық корпус арасындағы «көпір» болуы керек.
Осылайша, Институт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» екінші отырысында мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету және шешім қабылдау процесінде қоғамдық көңіл-күйді, азаматтардың тілектері мен ұсыныстарын міндетті түрде ескеру қажеттігі бойынша берген тапсырмаларын іске асырады.
Осы мақсатта Институт жанынан екі консультативтік-кеңесші орган – кәсіби заң қоғамдастығының өкілдері кіретін Сараптамалық кеңес және салалық сарапшылар кіретін Сараптамалық пул құрылды. Екі құрылымның жұмысының мақсаты – заңнаманы жетілдіру, заң жобаларын талқылауға және әзірлеуге қатысу.
САРАПТАМАЛЫҚ ПУЛЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ