ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Институт қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі заң шығару қызметін жетілдіру мәселелері бойынша бірлескен іс-шараларды (ғылыми зерттеулер, конференциялар, семинарлар және т.б.) өткізу мақсатында басқа елдердің ғылыми және мемлекеттік ұйымдарымен ынтымақтастық орнату.
Серіктестермен қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде келісімдер мен меморандумдар жасалады, Халықаралық серіктес ұйымдардың тізілімі жүргізіледі.
Қазіргі уақытта ТМД елдері Парламенттерінің зерттеу құрылымдарымен және Еуропалық парламенттік зерттеулер мен құжаттама орталығымен іскерлік байланыстар жолға қойылуда.
Атап айтқанда, Өзбекстан Республикасының Олий Мәжілісі жанындағы Заңнама мәселелері және парламенттік зерттеулер институтымен, Пәкістан Парламенттік қызмет институтымен және Грузия Парламенттік зерттеулер орталығымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.
Халықаралық тәжірибе, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның бірқатар елдері парламенттерінің заңнамалық қызметінің табысты тәжірибесі заң шығару процесінде жаңа ақпараттық технологиялардың шешуші рөлін көрсетеді.
Бұл тұрғыда Институт жасанды интеллект құралдарын енгізу тәжірибесін зерделеуге және Парламенттің заң шығару процесін цифрландыруға жәрдемдесу жөніндегі негізгі іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.