Басты бет › Басшылық туралы мәлімет

Басшылық туралы мәлімет

 Пан Наталья Виссарионовна

 Директор

 1979 жылы Қарағанды облысының Абай қаласында дүниеге келген. Е. А.   Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін халықаралық   заңгер мамандығы бойынша және Колумбия университеті (АҚШ)   "мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша бітірген.

Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментінде (1999-2003) және ҚР Президенті Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінде (2003-2008) түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2008-2012 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің инспекторы, сектор меңгерушісі; 2012-2014 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары; 2014-2016 жылдары ҚР ӘМ Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары; 2016-2017 жылдары ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқықтары департаментінің директоры; 2017-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі.

2025 жылғы 8 қазаннан бастап Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшесі. VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның құрамына кіреді. 

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Бекжанов Берик Айдарбекович

Директордың орынбасары

1967 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша (1992) бітірген.

Құқық қорғау органдарында және сот жүйесінде жұмыс істеді. 2003-2005 жылдары – Түркістан қалалық сотының төрағасы, 2005-2007 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының әкімшісі.

2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV сайланымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2021-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII сайланымының депутаты.Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде басшылық лауазымдарда және Түркістан облысы мен Шымкент қ. Кәсіподақ орталығының басшысы болып жұмыс істеді (2018-2021 жж.).

«Құрмет» орденімен марапатталған.

Трұмов Серікбай Өтелгенұлы

 Директордың орынбасары