Басты бет«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНДА...

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНДА ОЙЫН БИЗНЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНДА ОЙЫН БИЗНЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫНДА ОЙЫН БИЗНЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2022 жылы 3 қарашада, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.А. Ахметовтың төрағалығымен, «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңестің отырысында Мәжіліс депутаттары мен Парламентаризм институтының мамандарымен бірлесіп ойын бизнесі мәселелері бойынша әзірлеген заң жобасы талқыланды.

Кеңес отырысына Мәжіліс депутаттары Е. Т. Жаңбыршин, Д. Б. Зақиева, Ю. В. Ли, Л. К. Рамазанова, Е. Н. Абақанов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е. Еркінбаев, Парламентаризм институтының азаматтық бөлімінің бастығы М. А. Қабылбаева, және БП, ІІМ, ҚМА, ЦДИАӨМ-нің, жастарды қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің, «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалдарының, жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық пікірсайыс федерациясының, Almaty.tv телеарнаның, «Казино операторларының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ-нің, «ҚР Букмекерлік және лотереялық бизнесті өздігімен реттейтін ұйымы» қауымдастығы» ЗТБ-нің, «Қазақстан букмекерлер қауымдастығы» ЗТБ-нің, «Setanta Qazaqstan» ЖШС-тің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Қатысушылар ойын бизнесі саласындағы проблемалық мәселелерді және қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, атап айтқанда, букмекерлік кеңселердің, тотализаторлардың жарнамаларын орналастыру мен таратуға қойылатын талаптарды қатаңдату, мерзімі өткен берешегі бар адамдарға құмар ойындарға және бәс тігуге тыйым салу, шетелдік тотализаторлар мен букмекерлік кеңселердің интернет-ресурстарына тыйым салу, қатысушыларға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудың тәуекелдері мен зияны туралы хабардар етуді, ойын мекемелерінде МҚҰ, ломбардтардың орналасуы мен жұмыс істеуіне тыйым салуды енгізу туралы және т. б. ұсыныстарды, кеңінен талқылады.