Басты бетҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ АЯСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ АЯСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ АЯСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

2022 жылғы 31 қазанда Парламентаризм институтының өкілдері Пәкістан Бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институты (IPDS) ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы күні және жаңа Қазақстанды құру аясындағы саяси реформалар» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі Е.С. Қыстафин, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Лидия Пархомчик, Беназир университетінің вице-канцлері Бхутто Шахид Ляри - Рәзия Сұлтан, ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары А.С. Жолдыбалина, Пәкістан қаласындағы Пешавар университетінің проректоры Захид Анвар, ҚР СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институтының өкілі Гаухар Бейсеева, Парламентаризм институты директорының орынбасары, з.ғ.д. Э.Ә. Қалиева, «Астана» халықаралық қаржы орталығының академиялық кеңесінің мүшесі, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, з.ғ.д. Б.Ж. Әбдрайым, сондай-ақ басқа да халықаралық сарапшылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық, БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының конституциялық реформасы шеңберінде парламенттің рөлін күшейту мәселелері және Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» Қазақстан халқына Жолдауында айтылған әділ және жаңа Қазақстанды құрудың негізгі реформалары талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өңірлерден өкілдікті кеңірек қамту үшін екі палаталы қағидатты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, сайлаудың жаңа пропорционалды-көпшілік сайлау жүйесінің мәселелері талқыланды.

Интерпелляция, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау, халықаралық келісімдерді ратификациялау, сенімсіздік білдіру, Конституциялық Сотқа жүгіну сияқты нысандарды қамтитын парламенттік бақылау тетіктері талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізудің және Қазақстан мен Пәкістанның жетекші «ақыл-ой орталықтары» арасында тікелей байланыс орнатудың маңыздылығын растады.