Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ - РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ - РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

2022 жылғы 22 қазанда Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов салтанатты жиын барысында ұжымды құттықтап, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі құқықтық негіздерін қалағанын және шын мәнінде, елдің шынайы мемлекетке ие болу процесінің бастапқы және маңызды кезеңіне айналғанын атап өтті. Ол, сондай-ақ осы орайда Мемлекет басшысы К. К. Тоқаевтың ағымдағы жылдың маусым айында Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында айтылған Республика күнін мерекелеуді жаңғырту туралы ұсынысы – Қазақстанның мемлекеттілігі мен егемендігі тұрғысынан тарихи қадам екенін атап өтті.

Іс-шара барысында директор бірқатар қызметкерлерге ведомстволық құрмет грамоталарын салтанатты түрде табыс етті. «Біздің Институт – жаңадан құрылған ұйым болғанына қарамастан, бізге кәсіби заңгер-практиктер ретінде Ата Заңға – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге барынша тікелей қатысуға тамаша мүмкіндік берілді. Кәсіпорынның басқа да көптеген жетістіктері бар. Бұл біздің көптеген әріптестеріміздің еңбегі», – деді М.Махамбетов.

Директор Кәсіпорынның үлгілі жұмысы үшін бөлім бастығы Жазира Қайратқызы Сұлтанқұловаға, бас мамандар: Анар Мақсұтқызы Нұрушеваға, Әлия Паруасқызы Исеноваға, мамандар: Ержан Арай, Жолдыбай Ерлан Жолдыбайұлына, Жұмакүл Мұхтарқызы Тұрароваға грамота табыс етті.

Сондай-ақ Республика күнін мерекелеу құрметіне Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің, уәкілетті орган – Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының грамоталарымен және алғыс хаттарымен Институттың мынадай өкілдерінің еңбегі атап өтілді:

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Құрмет» грамотасымен Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетұлы Махамбетов марапатталды;

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

Е.Ж. Қошановтың алғыс хатымен бухгалтер Ахметжанова Шолпан Боранқұлқызы;

ҚР ПІБ жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы А. А. Дәдабаевтың алғыс хатымен персонал жөніндегі менеджер Тойжан Маратқызы Омарова;

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының алғыс хатымен өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарағаны және мінсіз жұмысы үшін бөлім бастықтары Жиенбаева Маржан Құтыбайқызы, Бейісов Болат Мұхаметханұлы;

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының алғыс хаттарымен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін директордың орынбасары Қалиева Эльмира Әбдікқызы, бөлім бастығы Ахметов Кенжалы Кенжетайұлы;

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының кәсіби шеберлігі мен қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бөлім бастығы Мусина Римма Кайриевна, бас маман Хабидуллаева Сымбат Бақытқызы алғыс хаттармен марапатталды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Кәсіби және шығармашылық табыс тілейміз!