Басты бетДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ»

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ: «КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАНЫ ЖЕТІЛДІРУ»

2022 жылғы 29 қарашада ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты депутаттармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты М.А. Ахметовтың төрағалығымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Коллекторлық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына 80 нен астам адам, олардың ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары М.С. Елюбаев, Е.Т. Жаңбыршин, И.С. Унжакова, Парламентаризм институтының азаматтық заңнама бөлімінің бастығы М.Ә. Қабылбаева, ҚР Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасының, Орталық Азия коллекторлық агенттігінің, Қазақстан коллекторлар қауымдастығының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Парламентаризм институты 2022 жылға арналған жұмыс және Парламент Мәжілісімен өзара іс-қимыл жоспарларына сәйкес коллекторлық қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға түгендеу жүргізгенін атап өткен жөн. Коллекторлық қызмет саласындағы заңнаманы талдау мен азаматтардың өтініштер (шағымдар) негізінде әзірленген ұсыныстар дөңгелек үстелге қатысушыларға талқылауға шығарылды. Атап айтқанда:

борышкерлердің проблемалық мәселені сот тәртібімен одан әрі шешу мақсатында кредитормен және (немесе) коллекторлық агенттікпен өзара іс-қимылдан бас тарту құқығын белгілеу, бұл Конституцияның 13-бабына сәйкес келеді, онда әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғау құқығы белгіленген. Бұл мәселе бойынша оң халықаралық тәжірибе бар. Мысалы, АҚШ пен Ресей Федерациясында борышкер несие берушіге немесе коллекторлық агенттікке өзара әрекеттесуден бас тарту туралы өтініш жіберуге құқығы бар, содан кейін олармен қарым-қатынасы тоқтатылады;

борышкерлерді борыш мөлшеріне, сот талқылауының перспективаларына, борышкердің және өзге де тұлғалардың банктік шоттарын бұғаттауға, берешекті төлеу мерзімдері туралы адастыруға тыйым салуды, сондай-ақ коллекторлық агенттіктен басқа өзге ұйымдардың қызметкерлері деп өзін таныстыруына тыйым салуды белгілеу;

коллекторлық агенттік үшін борышкерлерді банктік қарыз шартының немесе микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіну құқығы туралы хабардар ету тікелей міндетін енгізу;

«Үшінші тұлға» ұғымын нақтылау және оны коллектордың өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар тұлғалардың толық тізбесімен айқындау;

коллекторлық агенттіктің борышкермен телефон арқылы сөйлесу арқылы өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлері үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімнің болуы бойынша талаптарды белгілеу;

коллекторлық агенттіктердің аудио және бейнежазба материалдарын сақтау мерзімін 3 жылға дейін ұлғайту;

коллекторлық агенттіктердің әкімшілік жауапкершілігін қатаңдату және т.б. ұсынылады.

Депутаттар сондай-ақ борышкерлердің жалақылық шоттарынан (карточкаларынан) жұмысқа орналасуға және тапқан ақшаның бір бөлігін өз қажеттіліктеріне пайдалануға мүмкіндік беру мақсатында қамауды алып тастау мәселесін шешуді ұсынды. Басқа қатысушылар өз кезегінде коллекторлық қызметті цифрландырудың жоқтығына алаңдаушылық білдірді, оны енгізу коллекторлардың борышкерлермен өзара іс-қимыл процесін, сондай-ақ олардың есептілігін бақылауға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары коллекторлық қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын қосымша instparlam@umto.kz. электрондық мекенжай бойынша жібере алады.