Басты бетМТҚБ «ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ» ШЖҚ-дағы РМК-нің ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ Б.М. БЕЙІСОВ КӘСІПОРЫН ҰЖЫ...

МТҚБ «ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ» ШЖҚ-дағы РМК-нің ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ Б.М. БЕЙІСОВ КӘСІПОРЫН ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

МТҚБ «ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ» ШЖҚ-дағы РМК-нің ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ Б.М. БЕЙІСОВ КӘСІПОРЫН ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2022 жылдың 1 желтоқсанында МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ-дағы РМК-ның Әдеп жөніндегі уәкілі Б.М. Бейісов кәсіпорын ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлердің назары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының Іскерлік әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігіне аударылды.

Әдеп жөніндегі уәкілдің кәсіпорын қызметкерлеріне әдеп мәселелерін шешуге жәрдемдесу, оның әдеп сипаттағы дауларды реттеуге қатысуы; лауазымды адамдар мен қызметкерлерге Кодекстің ережелері бойынша түсініктемелер мен консультациялар беру, сондай-ақ қызметкерлердің Кодекс ережелерін сақтауын жалпы бақылау жөніндегі негізгі функциялары түсіндірілді.

Б. Бейісов Кодекстің негізіне корпоративтік құндылықтар негізделгенін атап өтті, атап айтқанда:

- ұжымда мейірімді және құрметті жағдай жасау;

- ортақ мақсаттарға жетуге ұмтылу;

- қызметкерлердің жоғары кәсібилігі және олардың өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысы;

- жауапкершілік және сенімділік;

- құрмет пен сенім;

- адалдық;

- кәсіпорынның оң имиджін құру.