Басты бетСЕМИНАР: МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН РЕТТЕУ ТЕТІГІ

СЕМИНАР: МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН РЕТТЕУ ТЕТІГІ

СЕМИНАР: МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН РЕТТЕУ ТЕТІГІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Парламентаризм институты ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында «Мүдделер қақтығысын реттеу тетігі» тақырыбында семинар өткізді.

Спикер ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің превенция қызметі сарапшысы А. Д. Айдарханов сөз сөйледі.

Семинарға «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ, МТҚБ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мәселелері:

1. Мүдделер қақтығысы, анықтау бойынша ұсыныстар;

2. Мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу саясаты;

3. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдары, Еңбек кодексі шеңберіндегі шектеулер:

4. Көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар;

5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі;

6. Іс жүзіндеггі мүдделер қақтығысы;

7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат;

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар пакеті;

9. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі құралдары;

10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс.

Сөз соңында спикер семинарға қатысушылардың мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы Әдеп жөніндегі уәкіл, комплаенс-офицердің қызметіне, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіруге қатысты сұрақтарына жауап берді.