2022 жылғы 21 желтоқсанда Парламентаризм институты Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге Парламент Мәжілісінің депутаттары – Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Павлович Рау және Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Самат Сағынбайұлы Ақышев қатысты.
Барлық орталық мемлекеттік органдардың – ұлттық экономика; қаржы; еңбек және халықты әлеуметтік қорғау; индустрия және инфрақұрылымдық даму; экология, геология және табиғи ресурстар; сауда және интеграция; төтенше жағдайлар; қорғаныс; ішкі істер; сыртқы істер; ауыл шаруашылығы; энергетика және т. б. министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ стратегиялық жоспарлау және реформалар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бәсекелестікті қорғау және дамыту, қаржылық мониторинг және т. б. агенттіктерінің өкілдері шақырылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстел мемлекеттік жоспарлау жүйесінің проблемалық мәселелерін талқылау және Парламент Мәжілісінің депутаты
С. С. Ақышевтың бастамасымен әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Заңның жаңа жобасына нақты ұсыныстар әзірлеу үшін ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел модераторы, Парламентаризм институтының конституциялық заңнама, мемлекеттік басқару туралы заңнама, әкімшілік және әкімшілік-процестік заңнама бөлімінің бастығы Ж. Қ. Сұлтанқұлова кіріспе сөз сөйледі.
Заң жобасының бастамашысы, Мәжіліс депутаты С. С. Ақышев негізгі баяндама жасап, стратегиялық жоспарлау құралдары мен оларды тиімді пайдалану экономика және әлеуметтік өмір саласындағы көптеген проблемаларды еңсеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Жоспарлау мен бюджеттеу арасындағы алшақтықты жою, мемлекеттік органдардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізгені үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында парламентарий мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы негізгі қағидаттар мен стандарттарды; мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеген сәттен бастап есептілік рәсімдеріне дейінгі барлық процесті; стратегиялық жоспарлардың орындалуына мониторинг және бақылау жүйесін әзірлеу және енгізуді көздейтін заңның әзірлеуін ұсынды.
Ұлттық жобалардың стратегиялық жоспарлау және мониторинг жүйесін бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Аркен Хамитұлы Өтенов презентация жасады.
Тәуелсіз сарапшылар жоспарлау мәселесі бәсекеге қабілеттілік факторын анықтайтынын, сондықтан мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау ұғымдарын түзетіп, бөліспеу керектігін атап өтті.
Еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен жүргізілген реформалар аясында дөңгелек үстел қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және сындарлы диалог түрінде өтті, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.