Басты бетҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТІЛДІК БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТІЛДІК БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ТІЛДІК БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

2023 жылғы 8-10 ақпан аралығында Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іс-шаралары шеңберінде МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ-дағы РМК-да кәсіпорын қызметкерлері үшін тілдік біліктілікті арттыру бойынша практикалық сабақтар (ресми хаттар, ішкі нормативтік құжаттар және т.б. дайындау) ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, қызметкерлер құқықтық салада мемлекеттік тілді қолдану жөніндегі әдістемелік құралдармен, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы әзірлеген дереккөздерді пайдалану кезіндегі жұмыстың ерекшеліктерімен танысты ( https://tilalemi.kz, оның ішінде https://emle.kz, https://termincom.kz).