МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ-дағы РМК конституциялық заңнама, мемлекеттік басқару туралы заңнама, әкімшілік және әкімшілік-процестік заңнама бөлімінің бастығы Ж. Қ. Сұлтанқұлова «Ашық алаң: Үкілеген үміткерлер» бағдарламасында сайлау туралы Конституциялық заңның нормалары бойынша, атап айтқанда, сайлау науқаны, сайлау алдындағы үгіт, сайлау жарналары бойынша депутаттыққа кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының құқықтары бойынша түсініктемелер берді.
Сондай-ақ Мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеуден бас тарту негіздері, ҚР азаматтары мен заңды тұлғаларының кандидаттардың сайлау қорларына қайырмалдықтары мәселелері, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары үшін заңда белгіленген шектеулер мәселелері түсіндірілді.
Кандидаттардың сайлауалды бағдарламасының мазмұнына және ҚР Парламенті депутаттарының азаматтар мен жалпы халық мүдделерін қорғау үшін иеленуіне тиіс кәсіби қасиеттеріне қатысты мәселелер талқыланды.
https://youtu.be/879-l09juHc