МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ-дағы РМК директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қанатов Алмас Қанатұлы Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің құрамына енгізілді.
Конституциялық Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестің негізгі міндеті Конституцияның үстемдігін және оның Қазақстан Республикасының аумағында тікелей қолданылуын қамтамасыз ету жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау, конституционализмнің қазіргі заманғы проблемаларын әзірлеу, адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігін арттыру болып табылады