Бүгін, 2023 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Қайрат Құлбайұлы Тастекеев МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Парламентаризм институты директорының орынбасары А. Қ. Қанатов Институттың жүргізіп жатқан жұмысы, оның ішінде Парламентаризм институты қызметінің негізгі бағыттары, әзірленген заң жобалары, қолданыстағы заңнама салаларын талдау нәтижелері, ҚР Парламентінің Сенатымен және Мәжілісімен, сондай-ақ ҚР Үкіметімен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия шеңберінде өзара іс-қимыл туралы айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша сенатор Қ. Тастекеев Парламент Сенатының Парламентаризм институтымен өзара іс-қимылы шеңберінде бірлескен жұмысқа дайындығын білдірді.