Басты бет«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН...

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ КОДЕКСІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫНЫҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС КЕҢЕСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

2023 жылғы 24 ақпанда МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ-дағы РМК-да «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға Ұлттық экономика, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы, Энергетика, Ішкі істер министрліктерінің және басқа да мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Кездесу бюджеттік процесс саласындағы проблемалық мәселелерді, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарын талқылау мақсатында ұйымдастырылды.

Жұмыс кеңесінің модераторы, Парламентаризм институтының қаржы, салық заңнамасы және кедендік реттеу туралы заңнама бөлімінің бастығы А.Е. Бектенов кіріспе сөз сөйледі. Ол ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар бюджет процесінің маңызды аспектілеріне әсер ететінін атап өтті. Орталық мемлекеттік органдар ұсынған барлық ұсыныстар өзекті және олар заң жобасына енгізілгенге дейін және заң шығарушы органға жіберілгенге дейін құзыретті қарауды талап етеді.

Жұмыс кеңесі шеңберінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру, бюджеттік комиссиялардың құзыреті, болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау, бюджеттік бағдарламалар мәселелері, мемлекеттік тапсырманы іске асыру, нысаналы трансферттер беру, бюджеттік кредиттер беру және т.б. сияқты бюджеттік процестің аспектілері қаралды және талқыланды.

Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша барлық мүдделі орталық мемлекеттік органдардың ұстанымын ескере отырып, бюджет заңнамасын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.