Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛИ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛИТИКА МЕКТЕБІНІҢ ЕКІНШІ АҒЫННЫҢ ТҮЛЕГІ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ЖАНЫНДАҒЫ АНАЛИТИКА МЕКТЕБІНІҢ ЕКІНШІ АҒЫННЫҢ ТҮЛЕГІ

Парламентаризм институты бөлім басшысының м.а., Ph.D докторы Шолпан Саймова Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Аналитика мектебінің екінші ағынның оқыту курстарынан сәтті өтті. Екі айдың ішінде аналитика мектебінің тыңдаушылары аналитикалық материалдарды дайындау дағдыларын жетілдіру бойынша қарқынды курстан өтіп, өздерінің соңғы командалық жобаларын Палата төрағасына ұсынды.

Аналитика мектебі – теориялық және практикалық блоктардан тұратын сегіз апталық курс. Дәріскерлер мен жаттықтырушылар ретінде белгілі қазақстандық және шетелдік сарапшылар шақырылды. Олар әртүрлі аналитикалық әдістер мен тәсілдер туралы әңгімелеп, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізді. Жобаның ерекшелігі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту болды.

Аналитика мектебін құрудың бастамашысы болып табылатын ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мектептің қорытынды күні аясында аналитикалық тәсілдерді күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, командалық жобаларды қорытындылады. Ол сондай-ақ Аналитика мектебінің жұмысы әр түрлі форматта жалғасатынын және оның қатысушылары Парламент Сенаты жүзеге асыратын заң шығару жұмыстары мен жобаларға тартылатынын атап өтті.