2023 жылғы 15 наурызда МТҚБ «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК директорының м.а., з.ғ.д., Қ.Б. Сафинов Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институты ұйымдастырған «Құқықтық нормалардың тиімділігі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстелге қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шара еңбек құқығы саласындағы көрнекті ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор В.И. Никитинскийдің туғанына 100 жыл толуына арналған, ол құқықтық нормалардың тиімділігі тұжырымдамасын әзірлеуге және негіздеуге үлкен үлес қосқан.
Дөңгелек үстел барысында талқылауға келесі сұрақтар қойылды:
- құқық пен құқықтық нормалардың тиімділігі мәселелері;
- «құқықтық нормалардың тиімділігі» ұғымының көп қырлылығы: теориялық және практикалық маңызы;
- қазіргі кезеңде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді оңтайландыру;
- құқықтық нормалардың тиімділігін зерттеу әдістемесі;
- қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің сапасын арттыру;
- заң шығару және құқық қолдану қызметін жетілдірудегі құқықтық мониторингтің рөлі;
- құқықтық эксперимент: тұжырымдама және практикада қолдану;
- құқықтық нормалардың қолданылуын бағалау тәсілдерін өзгерту;
- құқықтық нормалардың тиімділігін талдау негізінде заң шығармашылығын жетілдіру.
Конференция ғылыми қоғамдастықтың назарын аударды.
Дөңгелек үстел жұмысына Парламентаризм институтының, Қазақстан мен Ресейдің жетекші ғылыми мекемелері мен орталықтарының өкілдері, Ресей Федерациясының мемлекеттік құрылымдарының өкілдері қатысты.