2023 жылғы 5 сәуірде ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының қоғаммен байланыс жөніндегі маман Г.Н.Күзембаева «Дағдарыс кезіндегі коммуникация» тақырыбындағы мастер-класына қатысты. Журналист, сарапшы, қоғаммен байланыс және коммуникациялар жөніндегі маман (АҚШ) Маргерит Хокси Салливан мастер-кластын спикері болды.
Мастер-класқа ҚР ПІБ, орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың баспасөз қызметтерінің өкілдері қатысты. Мастер-класс баспасөз хатшыларының жұртшылықпен өзара іс-қимылы, мемлекеттік мекемелердің коммуникациялық қызметінің стратегиясын ұйымдастыру, дағдарыстық жағдайларда ақпараттандыру алгоритмдерімен танысу, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың имиджін қалыптастырудың заманауи әдістерін игеру сияқты бағыттарды қамтыды.
Мастер-класс бейресми жағдайда өтті: спикер ұсынған бірнеше кейстер және оның қазақ тіліне аударылған «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабы талқыланды.