2023 жылғы 12 сәуірде Парламентаризм институтының жанындағы Сарапшылық кеңестің бірінші отырысы өтті, оның шеңберінде реформаларды құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері, сондай-ақ Сарапшылық кеңес мүшелерінің Парламентаризм институтымен ынтымақтастығының перспективалық бағыттары талқыланды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар норма шығарудың іргелі мәселелерін талқылады, атап айтқанда, заң шығару процесін құрудың тұжырымдамалық жаңа тәсілдерін әзірлеу қажеттілігі, сондай-ақ заң шығару процесінде цифрлық технологияларды қолданудың өзектілігі атап өтілді.
Сарапшылық кеңестің отырысына түрлі құқық салаларын білдіретін
20-ға жуық жетекші сарапшылар қатысты. Олардың ішінде заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, АХҚО академиялық кеңесінің мүшесі Б.Ж. Әбдірайым, заң ғылымдарының докторы, Уральск мемлекеттік заң университетінің профессоры С.Ю. Головина, заң ғылымдарының докторы, Каспий университетінің Жеке құқық ҒЗИ бас ғылыми қызметкері К.М. Ильясова, заң ғылымдарының докторы, М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЗУ құқық жоғары мектебінің жеке құқық департаментінің профессоры С.К. Идрышева және М.С. Нәрікбаев атындағы КазМЗУ Жоғары құқық мектебінің ассистенті, Еңбек және әлеуметтік құқық орталығының басшысы, PhD докторы М.Х. Хасенов ұсыныстарын білдірді.
Қолданыстағы заңнаманың салалық проблемаларына ерекше назар аударылды. Осылайша, корпоративтік заңнаманы, платформалық жұмыспен қамтуды дамыту қажеттілігі атап өтілді және мәдени мұра саласындағы заңнамалық актілерді жетілдірудің маңыздылығы белгіленді. Сонымен қатар, отырыс барысында жекелеген сарапшылар еңбек және әлеуметтік заңнаманың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұжырымдамалық кемшіліктерді атап өтті.
Іс-шараны өткізу қорытындысы бойынша Сарапшылық кеңес мүшелері кейіннен ҚР Парламентінің заң шығару қызметінің негізі болатын заңнамалық сипаттағы ұсыныстар мен ұсынымдарды қалыптастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.