2023 жылғы 12 сәуірде ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтынын директоры Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов Қазақстан Республикасы Парламентінің VIII сайланымының бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев көтерген мәселелерді талқылау бойынша кеңес өткізді.
Жиында Парламентаризм институтының жұмыскерлері, Н.Қ.Иманғалиев, Ш.А. Саймова, С.Б. Хабибуллаева сөз сөйледі.
Кеңес аясында ҚР Президенті назар аударған сегіз негізгі бағыт талқыланды:
- шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында лоббишілер қызметі және оны бақылау туралы заңнаманың халықаралық практикасын зерделеу;
- ғылымды жан-жақты дамыту туралы заң жобасын өндіруде және әзірлеуде ғылым жетістіктерін пайдалану қажеттілігі;
- инфрақұрылымды дамытудың ұлттық жоспары туралы;
-азық-түлік қауіпсіздігін сапалы нормативтік-құқықтық және заңнамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерін және бүкіл су саласын цифрландыру қажеттілігі туралы;
- мәдениет саласын дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу туралы;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік көмек көрсету туралы қазақстандық және халықаралық тәжірибені зерделеу қажеттілігі туралы;
- адам құқықтарын қорғау жүйесін нығайту туралы;
- мемлекеттік басқару мен стратегиялық жоспарлаудың тиімділігі мен сапасын арттыру.
«Мемлекет басшысы өз сөзінде алдағы жылдар Қазақстан үшін айқындаушы болатынын атап өтті. Парламентаризм институты, өз кезегінде, елдің серпінді ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін сапалы заңнамалық және талдамалық базаны қалыптастыру үшін бар күшін салуы тиіс.» - деп түйіндеді Парламентаризм институтының директоры Қ.Б. Сафинов.
Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстар уәкілетті органға жіберілетін болады.