Басты бетҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ – ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІСІ

ҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ – ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІСІ

ҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ – ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІСІ

2023 жылғы 14 сәуірде «Парламентаризм институты» ШЖҚ РМК-нің директоры Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов ұжымды Ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу туралы куәлік алуымен құттықтады.
    Қ.Б. Сафинов ғылыми ұйым мәртебесін алу Парламентаризм институтының қызметін жаңа сапалық деңгейге көтеруге, гранттық іргелі ғылыми зерттеулерге қатысуға, сондай-ақ оның кадрлық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Дәл осы  ғылыми әлеует норма шығармашылық қызметте тұжырымдамалық ережелердің одан әрі ғылыми-талдамалық пысықталуына серпін беріп, сондай-ақ Парламентаризм институтының имиджі мен танылуын арттыра түседі.
    Мемлекет басшысы Қ.К. Токаевтың Ұлттық Ғылым академиясының мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзін  іске асыру аясында бұл жаңалықтар уақтылы және өзекті.