2023 жылғы 2 мамырда Парламентаризм институты ұжымының ҚР Парламенті Мәжілісі комитеттерінің бірқатар өкілдерімен кездесулері өтті.
Осылайша, Институт басшылығы Парламентте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне және Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне мүше-депутаттарымен кездесті.
Сонымен қатар, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетіне мүше-депутаттар Парламентаризм институтының ғимаратында болып, оның ұжымымен және қызметімен танысты.
Кездесулер барысында депутаттық заңнамалық бастамаларды іске асыруға жәрдемдесу үшін депутаттық корпус пен Парламентаризм институтының өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, норма шығармашылық процесінің өзекті мәселелері және оны жетілдіру жолдары қарастырылды.