Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ПАЛАТАНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының атқарушы директоры Жанар Тулиндинова VIII сайланған Парламенттің Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның құрамына кірді.

Қоғамдық палата - бұл Мәжіліс жанындағы консультативтік-кеңесші орган, оның негізгі міндеттері - заң жобаларын талқылау үшін заң шығарушы орган мен азаматтық қоғамның, бизнес пен сараптамалық қоғамдастықтың арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, заң шығармашылығы сапасын арттыру, жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдерін ашық диалогқа тарту болып табылады.

Қоғамдық палатаның өкілеттіктеріне заң жобаларын талқылау, оларды сараптау, ұсынымдар әзірлеу кіреді.

Қоғамдық палата отырысында «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заң жобасы талқыланды. Палата мүшелері заң жобасын әзірлеуші - Ұлттық экономика министрлігінің өкілдерін тыңдап, өз ескертулері мен ұсыныстарын бөлісті.