Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗАҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ

Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов «Қазақстан Республикасы Президентінің VIII сайланған Парламенттің I сессиясының ашылуында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде азаматтардың білікті заң көмегіне конституциялық құқығы: жай-күйі мен болашағы» тақырыбында дөңгелек үстелге қатысты.

Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Андрей Лукин өзінің сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтарын қорғауды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. «Қылмыстық процестің репрессивтілігін төмендетуге және бәсекелестігін арттыруға бағытталған құқық қорғау қызметін жаңғырту адвокаттық қызметтердің сапасын және жалпы азаматтарға заң көмегі жүйесін арттыруды талап етеді.»,- деді сенатор Лукин.

Өз кезегінде Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов Конституцияда айтылғандай дәл «білікті» заң көмегін көрсету осы заң көмегін көрсететін тұлғалардың «біліктілігін» арттыруды және заң білімі мен жалпы ғылымды жетілдіруді талап ететінін атап өтті. Сонымен қатар, Қ. Сафинов ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және азаматтарды құқықтық оқыту қажеттілігіне тоқталды.

Кездесу барысында қатысушылар ауылдық жерлерде адвокаттардың жетіспеушілігі мәселелерін талқылады. Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, елдің кейбір облыстарында аудандарда адвокаттардың айтарлықтай тапшылығы байқалады. Мысалы, Қызылорда облысы бойынша Жалағаш ауданында тек 2 адвокат тіркелген, бұл тергеу әрекеттерін жүргізуді қиындатады.

Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына Әділет вице-министрі Б.Молдабеков, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасы мен Заң консультанттарының өкілдері қатысып, өз баяндамаларымен сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша сенаторлар ұсынымдар әзірледі, олар кейіннен мүдделі мемлекеттік органдардың атына жіберілетін болады.