Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН МӘСЛИХАТТАРЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Парламентаризм институты мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі заң шығару үдерісіндегі ынтымақтастық туралы келісті. Тиісті Меморандумға Институт директоры Қанатбек Сафинов пен Республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Төлеубек Мұқашев қол қойды.

Тараптар Парламент депутаттары бастамашылық ететін заң жобаларын әзірлеуге қатысады, құқық қолдану практикасына талдау жүргізеді және Қазақстан заңнамасын жетілдіру жөніндегі бірлескен ұсыныстар бойынша жұмыс істейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, Институт қызметіндегі басымдық депутаттарға заңнамалық бастамаларын іске асыруға, заң жобаларын сараптауға, қолданыстағы заңнаманың тиімділігін талдауға жәрдемдесу болып табылады.

Қазіргі уақытта Институт VIII сайланған Парламент Мәжілісімен бірінші сессияға Өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес депутаттар бастама жасаған 9 заң жобасын әзірлейді. Олардың тізімімен мына жерден танысуға болады.

Сонымен қатар, Институт депутаттарға ҚР Парламенті Мәжілісінің портфеліндегі 20 заң жобасын әзірлеуге жәрдемдеседі.