Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ЗАҢ ШЫҒАРУ ПРОЦЕСІН ҚАЛАЙ ЖАҚСАРТУҒА БОЛАТЫНЫН АЙТТЫ

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директоры ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысына қатысты. Сенаторлар  заң шығару процесін  бюрократиядан арылту мәселелерін талқылады.

Парламентаризм институтының директоры атап өткендей, заң шығару процесінде мемлекеттік органдардың қызметін бюрократиядан арылту проблемасы күрделі, кешенді, көп аспектілі сипатқа ие.

Мәселен, Қанатбек Сафинов депутаттардың назарын заңдардағы тым егжей – тегжейлі нормалардың көптігіне аударды, олардың орны заңға тәуелді актілерде. «Бұл мемлекеттік органдардың уақтылы және тиімді шешімдер қабылдауын тежейді», - деп атап өтті Институт директоры.

Сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің, негіздемелердің, болжамдардың, есептеулердің және қолданыстағы нормалардың тиімділігін талдау мәтіндерін дайындаудың сапасыздығы атап өтілді.

Сонымен қатар, К.Сафинов заң шығару практикасына заңдарды қабылдау мақсаттарына қол жеткізудің өлшемдері мен көрсеткіштері жүйесін енгізуді ұсынды. «Мұндай тәсіл заңдардың орындалу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деп есептейді Институт директоры.

«Цифрландыру, басқару жауапкершілігі, реттеудің оңтайлы болуындағы тәсілдерді жаңғыртуды орнықтыруға қол жеткізу қажет. Мемлекеттік басқарудың барлық салаларына цифрлық трансформация жасау және жүйелі реинжиниринг бюрократизациядан арылтудың негізгі нәтижесі болуы тиіс» - деді сенатор Лукин.

Сенатор Қайрат Тастекеев Мемлекет басшысы өткен жылы қол қойған Жарлықта мемлекеттік аппаратта шешім қабылдауды жеделдету, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының дербестігі мен жеке жауапкершілігін арттыру, құжат айналымы мен есеп берушілікті қысқарту бойынша жүйелі және қолданбалы шаралар кешені көзделгенін атап өтті.

Іс-шара барысында Әділет, Ішкі істер, Ұлттық экономика министрліктерінің, Парламентаризм институтының, Бас прокуратураның және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері  баяндама жасады.