Басты бетСАРАПШЫЛАР АӨК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР АӨК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР АӨК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР АӨК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР АӨК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ САРАПШЫЛАР АӨК САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

2023 жылғы 19 маусымда Парламентаризм институтында дөңгелек үстел өтті, оның шеңберінде АӨК саладағы  қолданыстағы заңнаманың тиімділігі мәселелері мен оны жетілдірудің  жолдары талқыланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың алдында Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов  құттықтау сөзін сөйлеп, VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы белгілеген АӨК секторын дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті.

Парламент Сенатының депутаты Сәкен Арубаев өз сөзінде Парламент бүгін жұмыс істеп жатқан АӨК саласындағы заң жобаларын санамалап өтті. Заң жобалары селекция, тұқым шаруашылығы және отандық аграрлық сектор өнімінің экспорты сияқты салаларды заңнамалық реттеуге бағытталған. Сондай-ақ, депутат сарапшыларды сындарлы диалогқа және заң жобаларының жұмыс топтарына қатысуға шақырды.

Парламентаризм институтының атқарушы директоры Дәурен Әділбеков сарапшылардың, аграрлық сала мамандарының, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен НҚА жобаларын талқылаудың интерактивті нысандарын енгізу қажеттігін атап өтті.

Парламентаризм институты директорының орынбасары Берік Бекжанов дөңгелек үстелге қатысушыларды ҚР Парламенті Мәжілісі мен Парламентаризм институты арасындағы Өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде Институт жүргізген жұмыстармен таныстырды. Осылайша, VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы басталған кезеңде, яғни, іс жүзінде ағымдағы жылдың сәуірінен бастап Институт депутаттармен бірлесіп 12 заң жобасын әзірледі. Оның ішінде ауыл шаруашылығы саласы үшін  өзекті - «Агробанк туралы» және «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» сияқты заң жобаларын әзірледі. Тағы үш заң жобасы әзірлену  үстінде.

Талқылауға бизнес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері белсенді қатысты. Атап айтқанда, «Aitas kz» акционерлік қоғамының вице-президенті Рабиға Тоқсейітова ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне барынша қолайлы жағдайлар жасау үшін қолданыстағы салық заңнамасына өзгерістер енгізуді ұсынды. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары АӨК-тің түрлі салаларындағы заңнаманы жетілдіру бөлігінде сындарлы ұсыныстар енгізді.

Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясының және АӨК саласындағы басқа да салалық одақтар мен бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсынымдары мен ұсыныстары жинаққа енеді және Парламентаризм институтының заңнамалық сипаттағы сапалы және тиімді ұсынымдар әзірлеуі үшін негіз болады.