Басты бет«АГРОБАНК ТУРАЛЫ» ЖӘНЕ «АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ МӘЖІЛІСТІҢ АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕ...

«АГРОБАНК ТУРАЛЫ» ЖӘНЕ «АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ МӘЖІЛІСТІҢ АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КОМИТЕТІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

«АГРОБАНК ТУРАЛЫ» ЖӘНЕ «АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ МӘЖІЛІСТІҢ АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КОМИТЕТІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ «АГРОБАНК ТУРАЛЫ» ЖӘНЕ «АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАЛАРЫ МӘЖІЛІСТІҢ АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КОМИТЕТІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінде Парламенттегі «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы фракциясының тапсырмасы бойынша ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты әзірлеген «Агробанк туралы» және «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» екі заң жобасының тұсаукесері өтті.

Кездесуге Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев, «Ауыл» ХДПП фракциясының басшысы Анас Баққожаев, Аграрлық мәселелер комитетінің және «Ауыл» ХДПП парламенттік фракциясының мүшелері - Жигули Дайрабаев, Николай Арсютин, Таңсауле Серіков, Қазыбек Әлішев, сондай-ақ «Ауыл» партиясының орталық аппаратының өкілдері қатысты. ZOOM-конференция форматындағы іс-шараға «Ауыл» ХДПП өңірлік филиалдары қосылды.

Заң жобаларының тұсаукесерін ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының басшылығы мен қызметкерлері – директордың орынбасары Берік Бекжанов, атқарушы директор Жанар Тулиндинова, Қаржы және корпоративтік заңнама орталығының басшысы Асқар Бектенов, Сот жүйесі және құқық қорғау органдары орталығының басшысы Асқар Өртембаев, орталықтың бас маманы Нұртай Иманғалиев өткізді.

Парламентаризм институтының өкілдері заң жобаларын әзірлеу кезінде «Ауыл»ХДПП фракциясы депутаттарының ұсыныстары ескерілгенін атап өтті. Мәселен, «Агробанк туралы» заң жобасында ауыл шаруашылығын кредиттеу жүйесін дамыту мақсатында мамандандырылған салалық банкті құруға арналған ұстанымдар көрсетілді.

Ал «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң жобасының міндеттері өндірісті тұрақты дамытуды, азық-түлік тауарларына нақты және экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз етуді, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді қамтиды.

Кездесу барысында Парламентаризм институты дайындаған заң жобаларыныңжан-жақты және мазмұнды талқылауы жасалды. «Ауыл» ХДПП депутаттары мен өкілдері өздерінің тұжырымдамалық ұсыныстары мен ұсынымдарын айтты.

Институт пен ҚР Парламенті Мәжілісі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес Парламентаризм институты Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы барысында 9 заң жобасы мен алты ілеспе заң жобасын әзірлегенін естеріңізге сала кетеміз.