Басты бетАШЫҚ ДИАЛОГ: САРАПШЫЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР МӘСЕ...

АШЫҚ ДИАЛОГ: САРАПШЫЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРI БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

АШЫҚ ДИАЛОГ: САРАПШЫЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРI БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ АШЫҚ ДИАЛОГ: САРАПШЫЛЫҚ ҚОҒАМДАСТЫҚ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР МӘСЕЛЕЛЕРI БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

2023 жылғы 26 шілдеде Парламентаризм институтында дөңгелек үстел өтті, онда орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелеріталқыланды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қазіргі уақытта Парламентте жатыр.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында сөйлеген сөзінде мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өткені белгілі.

«Қоғам тынысы әрдайым назарда болуы өте маңызды. Шешім қабылдағанда жұрттың ұсыныс-тілектерін, пікірін ескеру қажет. Барлық құзырлы органдар осындай тәсілмен жұмыс істеуге міндетті. Мен мұны үнемі айтып жүрмін. Түптеп келгенде, бұл – тұрақтылық пен тыныштықтың, өсіп-өркендеудің кепілі. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мән-маңызы, өзегі – осында»,  – деп атап өтті ел Президенті.

Осыған байланысты ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты ұйымның Телеграм-арнасында құлаққағыс жариялай отырып, заң жобаларын сараптамалық талқылау сериясына бастама жасады. Институт бастамашылық еткен ашық пікірталастарға қатысуға көптеген өтінімдер келіп түсті.

26 шілдеде серияның алғашқы іс-шарасы өтті. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Ольга Булавкина, «МЖӘ және инвестициялар саласындағы тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы» ҚБ төрағасы Арман Тілеубаев, ғылыми және сараптамалық қоғамдастықтың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшін орман қорының жерлерін алып қоюдың; ауылдық елді мекендер мен әлеуметтік, өндірістік және инженерлік инфрақұрылым объектілері орналасқан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын және сел көшкінінен-қар көшкінінен қорғау құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшін ауыстыру, жекелеген мемлекеттік қорықтарды қорғау режімінің ерекшеліктері және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы атқарушы орган мен өзге де мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ашудың  өзекті мәселелерін көтерді.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың ұсынымдары Парламентаризм институты дайындап жатқан орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсыныстар топтамасына енеді және Мәжіліске берілетін болады.