Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

2023 жылғы 27 шілдеде Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов қатысты.

ВАЖТ отырысының жұмысына жекелеген министрліктердің, ғылыми сектордың және азаматтық қоғамның өкілдері тартылды. Үкіметтік емес ұйымдардан диалог алаңдарышеңберінде қылмыстық заңнаманың жекелеген нормаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстартүсуде.

         Отырыс барысында:

-қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін қадағалаудың, бақылаудың, күзетудің инженерлік-техникалық құралдарын жойғаны немесе бүлдіргені үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу;

- пара алуға, ұсынуға келісім бергені және беруге уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу (жаңа 366-1, 367-1-баптар);

- Қылмыстық кодекстің 445-бабының бірінші бөлігінің диспозициясына одан «немесеәкеп соғуы мүмкін болса» деген тұжырымды алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізу мәселелеріталқыланды.

Мемлекеттік шекараны қорғау қағидаларын бұзуға қатысты Қылмыстық кодекстің (ҚК) 445-бабына ерекше назар аударылды. Азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің өтініштерін ескере отырып, Министрлік ҚК-нің 445-бабының бірінші бөлігінің диспозициясынан «немесеәкеп соғуы мүмкін болса» деген тұжырымды алып тастау мүмкіндігін қарастыруда. Бұл ұсыныс құқық қолдану практикасындағы ықтимал қиындықтарды жоюға және қылмыстық жауапкершілікке алып келуі мүмкін іс-әрекеттердің шекараларын нақтылауға бағытталған.

ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директоры Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы барысында бірқатар ұсыныстар мен ұсынымдар берді.