Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА САРАПШЫЛАР «ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА САРАПШЫЛАР «ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА САРАПШЫЛАР «ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

2023 жылғы 4 тамызда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты онлайн-режимде «Жылу энергетикасы туралы» заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын сараптамалық талқылаудан өткізді.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, саланың жетекші сарапшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, оның ішінде заң жобасын әзірлеуші – ҚР Энергетика министрлігі қатысты.

Жылу энергетикасы туралы» заң жобасы Энергетика министрлігімен осы жылдың сәуір айында ұсынылды.

Заң жобасы жылу энергетикасы саласындағы саясатқа жауапкершілік пен құзыреттілікті қайта бөлуді көздейді. Сонымен бірге жаңа заңнама аясында Энергетика министрлігі жаңа құрал – жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарын енгізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, заң жобасы жергілікті атқарушы орган айқындайтын Бірыңғай жылу энергетикалық компанияны енгізуді көздейді.

Талқылау барысында VII-сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Е. Н. Абақанов, қоғам қайраткері, «Ашық тариф»  қауымдастығының төрағасы П. В. Своик, «Eurasian Expert Council» ҚҚ басшысы Ш. К. Лепсібаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі Ж. Г. Хайрушев баяндама жасады.

Сонымен қатар, талқылауға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты С. Ж. Шайдаров, «МЖӘ және инвестициялар саласындағы тәуелсіз сарапшылар қауымдастығы» ҚҚ төрағасы А.Е.Тілеубаев қатысты.

Талқылау барысында заң жобасы саланың проблемаларын толық шешпейтіндігі жөнінде пікір айтылды. Сондай-ақ, сарапшылар жылу энергетикасын цифрландыру мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтіп, «мастер-жоспар»  ұғымын пысықтауды ұсынды.

Энергетика министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері сарапшылар мен дөңгелек үстел модераторы Парламентаризм институты ақпараттық-талдау жұмысы басқармасының атқарушы директоры Д.З. Әбілбековтың сұрақтарына жауап берді.

Сараптамалық талқылау барысында келіп түскен ұсыныстар мен ұсынымдар жиынтығы Мәжіліске  одан әрі қарау үшін жолданады.