ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының жеке заңнама орталығының бастығы Меруерт Қабылбаева 2023 жылғы 9 тамызда БҰҰ АҚжЖКК Орталық Азиядағы өңірлік өкілдігінің, ССК құқықтары жөніндегі ұлттық желінің және жеткілікті тұрғын үй құқығы жөніндегі Орталық Азия желісінің көмегімен Қазақстанда Парламентаризмді дамыту қоры ұйымдастырған Ұлттық тұрғын үй заңнамасын жетілдіру мәселелеріне арналған семинар мен сараптамалық кездесуге қатысты.
Семинар мен сараптамалық кездесудің мақсаты қатысушылардың ұлттық тұрғын үй заңнамасы және жеткілікті тұрғын үйге құқық жөніндегі халықаралық нормалар мен стандарттар саласындағы білімдерін кеңейту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті үшін тұрғын үй заңнамасын өзгерту жөніндегі сараптамалық қоғамдастықтың ұсынымдарын талқылау болып белгіленді.
Семинар мен сараптамалық талқылауда ҚР Парламентінің депутаттары, БҰҰ АҚжЖКК өкілдері, саланың жетекші сарапшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері сөз сөйледі.
Конференцияға қатысушылар мемлекеттік тұрғын үй саясатын тиімді іске асыру үшін нақты заңнамалық база құру қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты семинарда тұрғын үй кодексінің жобасы таныстырылды.
Айта кетейік, бүгін Мәжілісте Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралуда.
Қазіргі уақытта Институт барлық мүдделі тұлғаларды, сарапшылар мен талдаушыларды осы заң жобасына қатысуға шақырады.