Басты бетСАРАПШЫЛАР ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА «КӨШІ-ҚОН ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ТҮЗЕТУЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА «КӨШІ-ҚОН ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ТҮЗЕТУЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

САРАПШЫЛАР ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА «КӨШІ-ҚОН ТУРАЛЫ» ЗАҢ ЖОБАСЫНА ТҮЗЕТУЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

2023 жылғы 10 тамызда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты онлайн-режімде Мәжіліс депутаттары бастамашылық еткен халықтың көші-қоны саласындағы заңнамаға түзетулер жобасына сараптамалық талқылауды өткізді.

Сараптамалық кеңеске Парламент депутаттары, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдар – ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің, ҚР СІМ, ҚР ТЖМ және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы ҚР Сот әкімшілігінің өкілдері қатысты.

Сарапшылар атап өткендей, түзетулер көші-қон заңнамасындағы олқылықтарды жоюға, көші-қонды неғұрлым тиімді бақылауды қамтамасыз етуге және халықты құжаттандыру рәсімін жақсартуға бағытталған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында көші-қон саясатын жетілдіру қажеттігіне назар аударғанын атап  өтейік.  Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда  ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандарына жеңілдік  енгізіп және оларға тұруға ықтияхат алу құқығымен  виза беру қажет. Ел экономикасына 300 мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге он жылдық виза мен  тұруға ықтиярхат  алу мүмкіндігі берілуі керек.

Заң жобасында келесі жаңалықтар:

- кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін сотталған адамдарды Қазақстанға кіруін, сондай-ақ ҚР азаматтығына қабылдау мүмкіндігін шектеу;

- ұлттық қауіпсіздік органдарының деректері бойынша экстремистік немесе террористік қызметке қатысы бар шетелдіктерге себептерін түсіндірместен Қазақстан Республикасына кіруге тыйым салуды белгілеу;

- ҚР-ның шет елдердегі мекемелерінде қазақстандық азаматтарды электрондық құжаттандыруды енгізу;

- төтенше жағдай  қолданылатын кезеңінде қолданылу мерзімі өткен құжаттарды пайдалану мәселесін реттеу көзделген.

Талқылау барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Халық партиясы фракциясының және заң жобасы жұмыс тобының жетекшісі Магеррам Магеррамов, Парламентаризм институтының Қаржы және корпоративтік заңнама орталығының бастығы Асқар Бектенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік омбудсмені Серік Темірболатов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Әлеуметтанулық зерттеулер департаментінің директоры Аяулым Сағынбаева баяндама жасады.

Сондай-ақ, пікірталасқа қатысушылар тек кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке ғана емес, жалпы кәмелетке толмағандарға қарсы зорлық-зомбылық қылмыстары үшін де сотталған адамдардың ҚР-ға  келуі, сондай-ақ оларды азаматтыққа қабылдау мүмкіндігін шектеу қажеттігіне назар аударды.

Сараптамалық талқылау барысында айтылған ұсынымдар мен ұсыныстар Мәжіліске беріліп, жұмыс тобында қаралатын болады.