Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ТҮЗЕТУЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ТҮЗЕТУЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАҒА ТҮЗЕТУЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Заң қоғамдастығы процестік заңнаманы жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі шешу мәселелері бойынша заң жобасының новеллаларын талқылауда.

Ағымдағы жылдың 14 тамызында ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты тиісті түзетулерді талқылау  жөнінде сарапшылармен және кәсіби заңгерлермен кеңес өткізді.

Депутаттар тобы әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру, адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі шешу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қарауда жатыр.

Аталған заң жобасында адвокаттар мен заң консультанттарының сот ісін жүргізудегі рөлі мен орнына, олардың процестік құқықтары мен қызмет ету кепілдіктерін кеңейтуге байланысты қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу көзделген.

Кеңеске Мәжіліс депутаты М.М. Магеррамов, сондай-ақ ғалымдар, адвокаттар, заң консультанттары қатысып, жүзге жуық ұсыныс түсті. Баяндамаларымен Г.Ж. Сүлейменова, А.В. Пономаренко, Ф.Б. Әлиев, С.Н. Беркамалов, С.В. Сизинцев сөз сөйледі.

Заң жобасының нормаларын адвокаттар да, заң консультаттары  да белсенді талқылады. Сарапшылар кодекстерге жиі өзгерістер енгізу үрдісіне, сондай-ақ кәсіби өкілдерді қылмыстық сот ісін жүргізуден алып тастауға және адвокаттардың заңмен қорғалатын құпиялар туралы ақпарат алу өкілеттіктерін кеңейтуге байланысты алаңдаушылығын білдірді.

Заң жобасын әзірлеушілер атынан депутат М.М. Магеррамов қатысушыларға ұсыныстар мен ескертулер жұмыс тобында қаралып, талқылайтындығына және де депутаттар барлық мүдделі тұлғалармен диалог жасауға дайын екендігіне сендірді.

Заң жобасын талқылау жұмыстары жалғасуда. Кеңеске қатысушылардың ұсынымдары мен ұсыныстары заң жобасымен жасалатын кейінгі жұмыста пайдаланылатын болады.