Басты бетҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕРЕКЕСІНЕ...

ҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

ҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ  ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІЛДІ

2023 жылғы 25 тамызда ҚР Парламенті Мәжілісінің кітапханасында «Қазақстан Республикасының конституциясы - қоғам мен мемлекетті әлеуметтік жаңғыртудың негізі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты мен ҚР Парламенті Мәжілісі ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, ҚР Конституциялық Кеңесінің бұрынғы мүшелері, ҚР Конституциялық Сотының жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, ҚР Жоғарғы Сотының, ҚР Бас прокуратурасының және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, отандық және шетелдік конституционалист-ғалымдар қатысты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың негізгі шарты ретінде конституциялық заңнаманы нығайту жөніндегі тәсілдерді талқылау және әзірлеу конференцияның мақсаты болып айқындалды.

Іс-шараны ашқан Парламентаризм институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Сафинов: «Конституция – өзгермейтін мәтін емес, бұл Жаңа Қазақстанды құрудың стратегиялық пайымы мен миссиясы. Бұл біздің ортақ құндылықтарымызды, үміттеріміз бен ұмтылыстарымызды бейнелейді және прогреске жету жолында өзгермейтін бағдар болып табылады.«Жаңа Қазақстан» - өршіл құқықтық реформалар мен мемлекеттілікті жаңғырту дәуірі. Елдің құқықтық жүйесі құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдылықты сақтау бағытында белсенді дамып келеді. Осы шаралардың барлығы тұрақты және гүлденген қоғам құруға ықпал етеді», - деп көрсетті.

Конференция қатысушыларына ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева құттықтау сөз сөйлеп: «Қазір еліміз жаңартылған Конституцияның қолданылу , әділ және жаңа Қазақстанның жағдайында өмір сүре бастайды, оның басымдығы халықтық ерік білдіруі болып табылады.Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара құрмет пен сенімге негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптасуда. Маңызды шешімдер енді азаматтардың қатысуымен ашық түрде қабылданады. Елде жүргізілген конституциялық реформалар біздің қоғамдағы демократияны одан әрі нығайту, Парламенттің рөлін күшейту, Үкіметтің дербестігін арттыру жөніндегі негізгі қоғамдық сұраныстарды ескерді»,- деді.

          Конференцияға қатысушылардың баяндамалары конституциялық заңнаманың әртүрлі аспектілеріне, елдің құқықтық және саяси жүйесін қалыптастырудағы, экономикалық дамуға  ықпалына және азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі Ата заңның рөліне арналды.

Сондай-ақ сарапшылар конституциялық реформаны  жүзеге асыру процесінде Қазақстанның алдында тұрған күрделі мәселелер мен сын-қатерлерді талқылап, конституциялық құрылысты нығайту жолындағы алдағы қадамдарды талқылады.

Форумды ұйымдастырушылар мен қонақтар халық арасында конституциялық реформаның мәні мен оның нәтижелерін түсіндіру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті.

Конференция қорытындысы бойынша конституциялық заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленіп, Парламентке жіберілетін болады.