Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА САРАПШЫЛАР ВЕТЕРИНАРИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА САРАПШЫЛАР ВЕТЕРИНАРИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ АЛАҢЫНДА САРАПШЫЛАР ВЕТЕРИНАРИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2023 жылғы 23 тамызда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының алаңында ветеринария мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Талқылауға «Aitas kz» АҚ вице-президенті Рабиға Тоқсеитова, Зоология институтының Биоценология және аң аулау зертханасының меңгерушісі Константин Плахов, Қазақстанның ұлттық ветеринариялық палатасының басшысы Қанат Орынханов, Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Аида Әбдібекова, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ветеринариялық медицина кафедрасының доценті Людмила Лидер, «Шопан-ата» Ұлттық агроөнеркәсіптік қозғалыс  басшысы Алмасбек Садырбай және басқа да сарапшылар қатысты.

Атап өтетін жәйт, Парламентаризм институты ҚР Парламенті Мәжілісімен өзара іс-қимыл жоспары аясында «Ветеринария туралы» ҚР Заңына түгендеу жүргізген болатын. Сондай-ақ, ветеринария мәселелерін сарапшылар осы жылдың 19 маусымында Институт ұйымдастырған аграрлық сектордың өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде көтерді.

Сараптамалық талқылау аясында ветеринария саласындағы қолданыстағы заңнаманың тиімділігі, сондай-ақ оны жетілдіру жолдары мәселелері атап өтілді. Ветеринариялық бақылау, қадағалау, жануарларды сәйкестендіру және тіркеу жүйесі, саланы лицензиялау және кадрлармен қамтамасыз етуге байланысты саланың проблемалық мәселелері де талқыланды.

Сарапшылар ветеринарияны цифрландыру, сондай-ақ ветеринариялық қызметтің бірқатар функцияларын жеке секторға беру және бәсекелестік ортаны дамыту қажеттілігін атап өтті. Жұмыс кеңесіне қатысушылар ветеринария саласындағы заңнаманы жүйелі реформалау қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Сараптамалық талқылау кезінде келіп түскен ұсыныстар мен ұсынымдарды Парламентаризм институты «Ветеринария туралы» ҚР Заңын түгендеу кезінде ескеретін болады және келешекте тиісті заңнамаға енгізілетін түзетулер пакетіне ұсынады.