2023 жылғы 28 тамызда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм Институтының алаңында ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді жұмыс талқылауы өтті.
Жұмыс кеңесіне заң жобасының бастамашысы, ҚР Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің Дербес деректерді қорғау басқармасының бастығы Әділетхан Қабдеш, Қазақстандық ақпараттық қауіпсіздік қауымдастығының төрағасы Виктор Покусов, Кәсіби заң кеңесшілері палатасының атқарушы директоры Александр Пономаренко, Қазақстан Интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров және басқа да сарапшылар қатысты.
Депутаттар тобының бастамасымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда.
Заң жобасында:
- дербес деректерді қорғау туралы;
- мемлекеттік бақылау және жауапкершілік туралы;
- ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының функциялары туралы;
- ақпараттық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері туралы;
- ақпараттық қауіпсіздікті зерттеушінің рөлі туралы ережелер көзделген.
Жұмыс отырысы барысында қатысушылар дербес деректерді қорғау, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттарды, терминологияны анықтау, сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету тізілімі, «ақ хакерлердің» қызметін реттеу, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін бағалау, аудит және т. б. мәселелерін көтерді.
Сараптамалық талқылау барысында келіп түскен ұсынымдарды Парламентаризм институты талдап, Мәжіліске жолдайды.
Ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жұмыс кеңестерін Парламентаризм институты заң қабылданғанға дейін мезгіл-мезгіл өткізетін болады, осыған байланысты сарапшылар мен барлық мүдделі тұлғалар өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын Kazhybekova@umto.kz электрондық мекенжай бойынша жібере алады.