Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУДЫ АЯҚТАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУДЫ АЯҚТАДЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫ ЖАНУАРЛАРҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ ТУРАЛЫ ЗАҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУДЫ АЯҚТАДЫ

   2023 жылғы 6 қыркүйекте ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына түзетулерді талқылау аяқталды.

    «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы, сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы заңнама нормалары қазіргі уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде қаралуда.

Қорытынды кеңеске ҚР Мәжіліс депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Білім министрлігінің, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, зооқорғаушылар, ветеринарлар және басқа да сарапшылар қатысты. Айта кететін жәйт, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан жауапкершілікпен қарауды заңнамалық реттеу проблемаларына қызығушылықтың артуы байқалады.

Төрт кеңестің қорытындысы бойынша 116 ұсыныс түсті. Талқылау барысында келіп түскен ұсыныстар мен ұсынымдар жиынтығы Мәжіліске  одан әрі қарау үшін жолданады.

Сондай-ақ, осы заң жобасын талқылау бойынша Мәжілістегі жұмыс тобына қосу үшін ұсынылатын сарапшылардың тізімі қалыптастырылады.