Басты бетҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМАЛ БОЙЫНША СЕМИНАР...

ҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМАЛ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

ҚР ПІБ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМАЛ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

   2023 жылғы 7 қыркүйекте ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының қызметкерлері мен МТҚБ ведомстволық бағынысты ұйымдарының коплаенс-офицерлері үшін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат" тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

   Іс-шара барысында мемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдарды енгізу мен жетілдірудің практикалық мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға енгізілген инновациялар, оның ішінде комплаенс-қызметтердің функциялары мен өкілеттіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

 Бас спикер ретінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің қызметкері Асан Айдарханов сөз сөйледі. Іс-шараға МТҚБ заң қызметінің бастығы Аида Балқашева да қатысты.

Семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында құнды білім мен тәжірибе алмасты. Қатысушылар ұсынылған құралдар мен инновацияларды өз жұмыстарына белсенді енгізуге дайын екендіктерін білдірді, бұл Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күреске ықпал ететіні сөзсіз. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік және жеке секторларда ашықтық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушіліктің жоғары стандарттарын қалыптастыруға бағытталған.