Басты бетСЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТТІҢ «АҚЫЛ-ОЙ ОРТАЛЫҒЫ»  РЕТІНДЕГІ ЖҰМЫСЫН АТА...

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТТІҢ «АҚЫЛ-ОЙ ОРТАЛЫҒЫ»  РЕТІНДЕГІ ЖҰМЫСЫН АТАП ӨТТІІ

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ПАРЛАМЕНТТІҢ «АҚЫЛ-ОЙ ОРТАЛЫҒЫ»  РЕТІНДЕГІ ЖҰМЫСЫН АТАП ӨТТІІ

Парламентаризм институтының өкілдері – Қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі атқарушы директор Жанар Тулиндинова және Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының бастығы Шолпан Саймова Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған жаңа экономикалық үлгіге арналған Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының XIII отырысына қатысты.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде жаңа экономикалық модельге көшудің негізгі шарттарын атап өтті:

1) экономикада бірыңғай, әділ, ұзақ мерзімді ойын ережелерін белгілеу

2) инфрақұрылымды жаңғырту және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету

3) экономика мен бизнесті қолжетімді несиелермен және инвестициялармен қамтамасыз ету

4) ішкі нарықты қорғау, оның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде.

Клуб мүшелері, жас сарапшылар, экономистер Жолдауды тиімді іске асыру, экономикалық өсімді адами капиталмен қамтамасыз ету, экономикалық бағытты болжау және жоспарлау жолдары туралы көзқарастарымен бөлісті.

Сондай-ақ, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламентаризм институтының Парламенттің «Ақыл-ой орталығы» ретіндегі нәтижелі жұмысын, сараптамалық қоғамдастықтан заңнаманы жетілдіру жөнінде көптеген ұсыныстар жинақталған Парламенттік каникул кезеңінде Институт ұйымдастырған заң жобалары бойынша сараптамалық талқылауларды атап өтті.