Басты бетҚР ПІБ БАС ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР ПІБ БАС ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚР ПІБ БАС ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ ҚР ПІБ БАС ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2023 жылғы 13 қыркүйекте ҚР Президенті Іс Басқармасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған кеңес өтті.

Жұмыс кеңесіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың бас тәлімгерлері, сондай-ақ кадр қызметі басшылары қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде бас тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Бөрібай Князбаев:

«Мемлекет басшысының Жолдауында бірнеше жылды қамтитын өте ауқымды мәселелер қамтылды. Өздеріңіз білесіздер, тәлімгерлер ұжымдағы ынтымақтың артуына, моральдық-психологиялық климаттың жақсаруына ықпал етеді. Бүгінгі алқалы жиынға біз Парламентаризм институтынан дәріскер шақырдық, осылайша тәлімгерлер осы маңызды құжаттың басым бағыттарын жақсы түсініп», өз ұжымдарына түсіндіре алды – деді.

Дәріскер ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты Норма шығармашылық жұмыс басқармасының Атқарушы директоры, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алмас Қанатов Президент Жолдауында белгіленген мәселелерді іске асырудың негізгі бағыттарын, әдістері мен мерзімдерін таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмыс бағыттарын сипаттады.

«Жолдауды іске асыру бүкіл қоғамның, азаматтарымыздың қолдауына ие болуы тиіс. Әділ Қазақстан мен «Адал азамат» тұжырымдамасы қазақстандық мемлекет пен қоғамның негізгі құндылықтары ретінде қазақстандықтарды біріктіруге тиіс. Бұл Абайдың «толық адам» туралы іліміне негізделген «Адал азамат»  тұжырымдамасының терең мағынасы. Жоспарланған реформалардың басты мақсаты - 2029 жылға қарай Ұлттық экономика көлемін екі есеге, 450 миллиард долларға дейін ұлғайту үшін 6-7 пайыз деңгейінде тұрақты экономикалық өсу».

Кездесуге қатысушылар биылғы Президент Жолдауында нақты және ауқымды мақсаттар мен міндеттер қойылғанын атап өтті. Контурлары осы бағдарламалық құжатта баяндалған жаңа экономикалық модель Қазақстанның ұзақ мерзімді перспективада тұрақты өсуі мен өркендеуін қамтамасыз етуге арналған.