Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМАЛЫҚ...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ МЕМЛЕКЕТТІК             КЕҢЕСШІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САРАПТАМАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында мемлекеттік саясатты сапалы сараптамалық құжаттармен сүйемелдеуді қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Соған сәйкес Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, Сыртқы саяси зерттеулер институтының, Қазақстандық қоғамдық даму институтының, Экономикалық зерттеулер институтының, Парламентаризм институтының және өзге де  сараптамалық  құрылымдардың басшыларымен кездесті.

Кеңеске ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов, Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының, Сыртқы саяси зерттеулер институтының, Қазақстандық қоғамдық даму институтының, Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығының, Экономикалық зерттеулер институтының және басқа да  сараптамалық  құрылымдардың басшылары қатысты.

Жиында зерттеу институттарының басшылары сараптамалық құрылымдар қызметінің сапасын арттыруға,  сараптамалық  орталықтардың өзара және мемлекеттік органдармен, оның ішінде, аймақтық деңгейдегі қарым-қатынасын реттеуге қатысты ұсыныстарын айтты.

Өз кезегінде Ерлан Қарин сараптамалық құрылымдардың жұмысын үйлестіруге және жетілдіруге,  сараптамалық құжаттарды әзірлеуге, осы бағыттағы мамандарды даярлаудың сапасын артыруға қатысты негізгі тәсілдерді белгілеп берді.

Жиынға қатысушылар алдағы уақытта мұндай кездесулерді жүйелі түрде өткізіп тұруға уағдаласты.