2023 жылғы 20 қыркүйекте ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты мен PetroMining мұнай өндіру кәсіпорындарының қауымдастығы мақсаты ұзақ мерзімді әріптестік қатынастарды дамыту және мұнай өндіру секторының проблемалық мәселелерін шешу болып табылатын меморандумға қол қойды.
ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов пен PetroMining қауымдастығының төрағасы Саят Боранбеков бірлескен идеялар мен жобаларды іске асыруға бағытталған ұзақ мерзімді тиімді қарым-қатынастарды дамытуға келісті.
Ынтымақтастық мұнай өндіру саласының проблемалық мәселелері бойынша тәжірибе және ақпарат алмасу; бірлескен іс-шаралар, семинарлар, конференциялар, вебинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу; бірлескен зерттеу жобалары сияқты бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты қажеттілік туындаған жағдайда ғылыми-зерттеу қызметінде PetroMining қауымдастығына жәрдемдесетін болады.
Екі ұйымның ынтымақтастығы өзекті мәселелерді шешуде және елдің энергетикалық секторында тұрақтылықты сақтаудағы бірлескен күш-жігерге деген ұмтылысты көрсетеді.