Басты бетКООПЕРАТИВТЕРДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

КООПЕРАТИВТЕРДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

КООПЕРАТИВТЕРДІҢ ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

  Парламентаризм институты 2023 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы кооперативтердің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

  Дөңгелек үстелге ҚР Мәжілісінің депутаты Н.Қ. Әшімбетов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Атамекеннің, Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының, Ұлттық кооперативтер қауымдастығының және ҚР Экономикалық қоғамдастықтарының басқа да нысандарының өкілдері және жұмыс істеп тұрған кооперативтердің басқа да өкілдері қатысты.

Елімізде кооперацияны дамытудың, шағын өндірушілерді, атап айтқанда жеке қосалқы шаруашылықтарды (ЖҚШ) ірілендірудің маңыздылығы мен өзектілігі туралы Мемлекет басшысы сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап өтті.

Кооперативтерді құрудың басты мақсаты - өнім бағасын төмендету, жұмыс орындарын құру сияқты маңызды әлеуметтік міндеттерді шешу, бұл азаматтардың, әсіресе ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздегі ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуын шектейтін мынадай проблемаларды белгіледі: кооперативтерді ұйымдастыруды егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарының әлсіздігі, осыған байланысты азаматтар тарапынан кооперативтерге үлкен сенімсіздік байқалады; кооператив мүшелері мен басқару органдары арасындағы өзара қарым-қатынастардың ішкі шаруашылық тетігін құқықтық реттеудің жеткіліксіздігі; шағын кәсіпкерлерді кооперативтерге біріктіру үшін ынталандырушы шаралардың болмауы, ауыл шаруашылығы саласында білікті кадрлардың жетіспеушілігі және маркетингтің болмауы.

Барлық кооперативтердің басты проблемасы - олар өндіретін өнімдердің сату тізбегінің ұйымдастырылмауы, бұл кооперативтер құрылғаннан кейін оларды дамытудың негізгі тежегіші болып табылады.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар кооперативтер туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді.

Институт ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметіндегі барлық маңызды өзекті проблемалық мәселелерді талдап, Мәжіліске жіберетінін атап өтеміз.

Мұндай дөңгелек үстелдерді Парламентаризм институты мезгіл-мезгіл өткізетін болады, осыған байланысты өз ескертулеріңізбен ұсыныстарыңызды Kazhybekova@umto.kz    мекен-жайына жіберуге болады.