Басты бетИНКЛЮЗИЯ КЕҢЕСІ СЕНАТ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛАДЫ

ИНКЛЮЗИЯ КЕҢЕСІ СЕНАТ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛАДЫ

ИНКЛЮЗИЯ КЕҢЕСІ СЕНАТ ЖАНЫНАН ҚҰРЫЛАДЫ

​26 қыркүйекте Сенатта мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға арналған дөңгелек үстел өтті.

​Іс-шараға ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директоры Қанабек Сафинов, директордың орынбасары Ләззат Сүлеймен, депутаттар, мемлекеттік органдардың, халықаралық құрылымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сарапшылар қатысты.

​Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев дөңгелек үстелге қатысушыларды құттықтай отырып, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Инклюзивті қоғам құру - біздің мемлекетіміздің басымдықтарының бірі.

Палата спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Осы бағыттағы жүйелі жұмысты ұйымдастыру және заңнамалық ұсыныстарды дайындау үшін Парламент Сенатының жанынан Инклюзия жөніндегі кеңес құру туралы шешім қабылданды.

«Сенатта Инклюзия жөніндегі кеңес құру Қазақстанда толыққанды инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. Кеңес қызметі аясында сапалы, тиімді заңнамалық ұсыныстар әзірленетініне сенімдімін. Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз ортаны қалыптастыру және оларды әлеуметтік қорғау мемлекеттің басым міндеті болып табылады", - деді Мәулен Әшімбаев.

​Парламентаризм институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Сафинов өз сөзінде мынаны атап өтті:

«Заңнама серпінді болуы тиіс. Қоғам өзгеріп, жаңа қажеттіліктер мен проблемалар анықталған сайын, заңдар өзекті және тиімді болып қалу үшін қайта қаралып, жаңартылып отыруы керек. Шынайы инклюзивті қоғам құру жолында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын заңнамалық қамтамасыз ету мемлекеттік деңгейдегі басымдықтардың біріне айналуға тиіс".

​Айта кететін жәйт, қазіргі уақытта Парламентаризм институты Парламент Мәжілісінің депутаттарымен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға толықтырулар енгізу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуде.