Басты бетҚАЗАҚСТАН  ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУГЕ НИЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН  ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУГЕ НИЕТТІ

ҚАЗАҚСТАН  ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУГЕ НИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН  ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУГЕ НИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН  ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІН ЕНГІЗУГЕ НИЕТТІ

2023 жылғы 22 қыркүйекте Алматы қаласында «Нархоз» университетінде «Қазақстан Республикасының Қылмыстық және қылмыстық процестік кодекстері жаңа конституциялық өлшемде» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция барысында құқық саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар қылмыстық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шараға қатысушылар Қазақстанда адам құқықтарын заңнамалық деңгейде сақтау саласында теңгерім белгіленбегенін, ал Қылмыстық-процестік, Әкімшілік және Қылмыстық-атқару кодекстері бір-біріне жиі қарама-қайшы келетінін тілге тиек етті.

Сарапшылар қауымдастығының пікірінше, мұндай қарама-қайшылықтарды шешу үшін Конституциялық Соттың мүмкіндіктерін пайдалану маңызды.

​Парламентаризм институтының директоры, заң ғылымдарының докторы Қанатбек Сафинов өз сөзінде мыналарды атап өтті:

«Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру негізгі идеяны, даму векторын анықтаудан басталып, құқықтық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келуі керек. Осыған байланысты қылмыстық саясаттың нақты, түсінікті, ғылыми негізделген тұжырымдауы қажет. Саяси конъюнктура қылмыстық заңнаманы өзгерту бойынша көптеген ұсыныстар енгізудің триггері болмауы керек. Қылмыстық заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар болжау және модельдеу әдістерін пайдалана отырып, міндетті криминологиялық және статистикалық негіздемемен мұқият сараптамалық бағалаудан кейін жүргізілуі тиіс».

Айта кететін жәйт, Парламентаризм институты өз алаңында заң жобаларын талқылауға сараптамалық қоғамдастықты тартуға дайын және мұндай ынтымақтастыққа тек ғалымдар ғана емес, сонымен қатар тәжірибесі мол практиктер  де шақырылады.