ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов 2023 жылғы 28-29 қыркүйекте Тбилиси қаласында өткен «Парламенттік зерттеушілердің кәсіби дамуы - қазіргі заманғы сын-қатерлер алдында» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Іс-шараны Грузияның Парламенттік зерттеулер орталығы Еуропалық парламенттік зерттеулер мен құжаттама орталығының қолдауымен ұйымдастырды.
Семинарда Парламенттік зерттеу орталықтарының сарапшылары мен қызметкерлерінің кәсіби өсуіне; олардың әлеуеті мен біліктілігін арттыруға байланысты мәселелер қаралды. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесін талқылау кезінде заманауи технологиялардың әсері қарастырылды.
Семинар аясында ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов Грузия Парламенттік зерттеулер орталығының басшысы Екатерина Кардава ханыммен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Орталық 2018 жылы құрылған және заң шығару қызметінде мол тәжірибесі бар. Грузия Парламентінің заңнамалық процесін, қадағалау функциясын және жалпы қызметін жетілдіру оның миссиясы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, Зерттеу орталығы нормативтік акттердің сақталуына қадағалау, реттеудің нақты әсерін бағалау (RIA) функцияларын орындайды және тақырыптық зерттеулерге қатысады.
Қазақстандық және грузиндік тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, сондай-ақ сарапшылармен алмасу және тағылымдамалар өткізу туралы уағдаласты. Меморандум оны алдағы уақытта ұзарту мүмкіндігімен бес жыл мерзімге жасалды.