2023 жылғы 5 қазанда ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының алаңында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына түзетулерді онлайн-талқылау өтті.
Заң жобасына Мәжіліс депутаттары қаңғыбас жануарлар санын реттеудің нәтижелілігін арттыру және жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетін ілгерілету мақсатында бастамашылық жасады.
Талқылауға Animal Law комитетінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Ольга Ченцова, «Добрый город» қайырымдылық қорының жетекшісі Наталья Уголькова, КИМЭП университетінің доценті Мария Байдельдинова, Алматы қ. Зоо-қоғамдастық Альянсы мүшесі Жанна Исингарина, зооқорғаушылар, ветеринарлар және басқа да сарапшылар қатысты.
Жұмыс кеңесіне қатысушылар талқылау барысында мына мәселелерге назар аударды:
- қаңғыбас жануарларға арналған оңалту орталықтарын құру;
- елді мекеннің қала құрылысы жоспарында жануарларды серуендетуге арналған алаңдарды орналастыруды көздеу қажеттілігі;
– қалалық немесе ауылдық елді мекен болуына байланысты осы қызметті реттеу кезінде аймақтық сараланған тәсілді қолдану;
- үй жануарларын тіркеу және сәйкестендіру тәртібін жетілдіру;
- заңға «тағыланған жануар», «қаңғыбас жануар» және «үй жануары» ұғымдарының анықтамасын енгізу;
- қауіпті жануарларды ұстау мен өсіруді лицензиялауды енгізу;
- қаңғыбас және қараусыз қалған жануарлардың санын реттеуге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысу қажеттілігіне ерекше назар аударды;
Талқылау барысында сарапшылар келесі сараптамалық кеңесте 28 тамызда сағат 15.30-да егжей-тегжейлі қаралатын ұсыныстар мен ескертулермен бөлісті.
Парламентаризм институты барлық ниет білдірушілерді «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» балама Заң жобасын, сондай-ақ осы саладағы қолданыстағы заңнама нормаларын талқылауға шақырады.
Заң жобасы бойынша ұсыныстарды кеңес басталғанға дейін argynbekov@umto.kz электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз.