Басты бетПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ О...

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫ ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты директорының орынбасары Ләззат Сүлеймен мен Институттың атқарушы директоры Жанар Тулиндинова Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXI отырысына қатысты.

Бейбітшілік және келісім сарайында ислам, христиан, иудаизм, буддизм, индуизм, даосизм, синтоизм және тағы басқа діндердің, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері дөңгелек үстел басына жиналды. Отырыс барысында әлемнің 23 елінен келген дін лидерлері мен   өкілдері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде қабылданған Декларация ережелерінің іске асырылу барысын талқылады.

Отырыс жұмысын ашқан, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуге қатысушыларға арналған үндеуін оқып берді. Мемлекет басшысы  жиырма жылда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі дінаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, толеранттылық пен өзара қолдау идеяларын діріптеуге елеулі үлес қосқанын, маңызды әлемдік проблемаларды шешуге ықпал еткенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы - Съезд Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев өз сөзінде осы диалог алаңының бірегейлігін атап өтті. Ол съезд жұмысының форматы беделді саяси және қоғам қайраткерлерінің, халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен ашық және әрі әділ дінаралық диалог алаңы ретінде әлем дамуының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауға, өзара сыйластық пен   түсіністік негізінде жанжалдар мен қайшылықтарды шешуге шақыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Отырыс барысында қатысушылар Ел Президентінің тапсырмасымен әзірленген Съездің 2023-2033 жылдарға арналған  даму тұжырымдамасын бекітті. Құжат Съездің БҰҰ институттарымен және басқа да беделді халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығын нығайтуды, серіктестер шеңберін және форум қызметінің географиясын кеңейтуді көздейді.

Отырыс қорытындысы бойынша оның қатысушылары коммюнике қабылдады. Қатысушылар  Съездің табысты қызметі және маңызды жасампаз рөлін атап өтті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық қауіпсіздіктің берік жүйесін құру және  сын-қатерлер мен проблемаларды еңсеру мақсатында бейбітшілік үшін жаңа жаһандық қозғалыс құру қажеттілігі туралы идеясын қолдады.